Мемлекетімізде кәсіпкерлерге жағдай жасалған ба? «Бүгін»
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміз біраз қиындықты еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсе білді. Егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықтық. Мемлекеттігімізді нығайтып, көпшілікке паш етуге лайықты талай ауқымды істер жасалды. Соның ішінде Тәуелсіздік алғалы ғана қалыптаса бастаған, осы жолда қиындықтарды егемендікпен бірге еңсерген саланың бірі – кәсіпкерлік. Тәуелсіздік алғалы бері кәсіпкерліктің дамуына қандай мүмкіндіктер жасалды? Кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты қандай заңдар қабылданды?
Осы және өзге де сауалдарға «БҮГІН» бағдарламасында жауап іздейміз.
Студия қонақтары:
1. Бейсен Жолболдиев, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
2. Саят Аетов, Аграрлық несие корпорациясы АҚ Стратегия бөлімінің басшысы
3. Мейрамбек Төлепберген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
4. Әлия Асылбекова, VANELLIE тәтті нан және наубайхана желісінің негізін қалаушы
5. Райыс Әріпжан, кәсіпкер, бағбан
6. Дуслан Ахметов, CLEAN CITY NS ЖШС бас директоры
7. Ысқақов Талғат Жүнісбекұлы, BAL TEKSTIL кілем фабрикасының негізін қалаушы