Референдум өткізудің артықшылығы неде? «Бүгін»
Ата Заңымыздың үштен бір бөлігіне өзгерістер енгізіледі. Өзгерістердің барлығы әдеттегідей Парламент Палаталарының ғана талқылауына емес, халықтың талқысына түспек.
Мемлекет басшысы кеше «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңға қол қойды және республикалық телеарналардың эфирінде осы жөнінде бейнеүндеу жасады.
Еліміздегі басты құжаттындағы қай баптар өзгереді? Референдум өткізудің артықшылығы мен маңызы неде?
Студия қонақтары:
1. Сара Ыдырысова, заң ғылымдарының докторы, профессор;
2. Ермек Әбдірасілов, заң ғылымдарының докторы, профессор;
3. Серік Ақылбай, «Қазақстан заңгерлер одағы» ҚБ төрағасы;
4. Жамаладен Ибрагимов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Заң факультетінің деканы;
5. Аян Сакошев, қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы;
6. Асхат Асылбеков, саясаттанушы.