Хабар телеарнасы

Дауыс беруге кедергі болатын заңбұзушылықтар болған жоқ

Дауыс беруге кедергі жасайтындай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Бұл жөнінде «Дауыс» байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов мәлімдеді. Оның айтуынша, байқаушылар дауыс беру аяқталғаннан кейін де референдум учаскелерінде болып, дауыстарды санау жұмыстарына қатысады. Барлық хаттаманы алып, толық ақпарат жинауы қажет. «Әр байқаушы 3 сауалнамадан толтырады. Яғни учаскелердің ашылуы бойынша дауыс беру процесі және оның нәтижесі бойынша құжаттарды реттеп, артынша өз бағаларын береді»,– дейді Төлеген Күнәділов.

Төлеген Күнәділов, «Дауыс» байқаушылар коалициясының төрағасы:

-Қазіргі уақытқа келіп түскен мәліметтер бойынша барлығы заң аясында жүріп жатыр. Мысалға референдум учаскесі комиссиясы тарапынан немесе дауыс берушілер тарапынан науқанға кедергі болатындай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Лайым да солай болсын дейміз.