Хабар телеарнасы

Референдум барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да құқы толық сақталуы тиіс

Алдағы өтетін референдум барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да құқы толық сақталуы тиіс. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, зағип азаматтар үшін барлық учаскелерде брайль шрифті бар арнайы трафареттің болуы шарт. Республика бойынша 2,5 мыңға жуық бюллетеннің аудио нұсқасы беріледі. Екіншіден есту қабілеті бұзылған азаматтарға ымдау тілі маманымен байланыстыру үшін интернет қосылады. Үшіншіден арбада отыратын ерекше жағдайдағы адамдарға арнайы кең кабиналардың болуы міндеттеледі. Одан бөлек, 10 мыңға жуық комиссия мүшелерінің басшылық құрамы арнайы оқудан өткен. Алдағы уақытта 37 мыңнан астам комиссия мүшесін оқыту жоспарланып ортыр. 

Анастасия Щегорцова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
-Жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, қоғамдық бірлестіктер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Мүгедектігі бар адамдардың барлық үш санатына қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ объектілердің «Қолжетімділік картасын» толтыру жөніндегі жұмыс қаралды.