Референдум сізге не береді? «Бүгін»
5 маусым күні республикалық референдум өтеді. Халық өзгеріс үшін және жаңару үшін таңдау жасайды. Әрине, осы тұста конституциялық реформаның жұртқа тигізер пайдасы қандай деген сұрақ туындайтыны анық. Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Бұл өзгеріс қарапайым азаматтар үшін қай тұрғыдан маңызды?
Ата заңға енетін түзетулер сіз бен біздің өмірімізге қалай әсер етеді?
Осы және өзге де сауалдарға «БҮГІН» бағдарламасында жауап іздейтін боламыз.
Студия қонақтары:
1. Бақтияр Бөлеулиев, заң ғылымдарының докторы, профессор
2. Серік Ақылбай, Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы
3. Ерлан Ахмеди, саясаттанушы
4. Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы