Хабар телеарнасы

Референдум: «Байтақ» партиясының төрағасы өз таңдауын жасады

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай жалпыұлттық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Астанадағы 92-ші мектеп-лицейінде орналасқан №56 учаскеде дауыс берген ол бүгінгі күннің маңызына тоқталды.

Азаматхан Әміртай, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

- Бүгін елімізде тарихи күн. Халықтың өзі таңдау жасап жатыр. Осылай ғана біз өзіміздің патриоттық сезімімізді көрсете аламыз. Жалпыұлттық референдум арқылы халық мемлекеттің дамуына, саяси өзгерісіне қатыса алады.