Көктайғақ қостанайлықтарды әбігерге салды

  • 2474
  • 11.03.2019, 19:57

Ауа райының қолайсыздығынан коммуналдық мекеме өкілдері кей жерлерде құм мен тұз себуге үлгермей жатыр. Cебебі қар мен жаңбыр алмасып отыр. Көктайғақта құлап, дәрігердің көмегіне жүгінгендер саны 100-ден асқан. Қол-аяғы шыққан 20 адам ауруханаға жатқызылды.

Көктайғақтан 70-тен астам адам жарақат алды

Астанада көктайғақтан 70-тен астам адам жарақат алды. Мамандардың хабарлауынша, кезекші травматологтың қабылдауында соңғы 24 сағатта 101 адам болған. Олардың көбі қалыпты және жеңіл жарақат алған. Сондай-ақ 5 адам ауыр жарақаттанған. Бұған дейін мұнда күніне 80 шақты адам келсе, оның 40-ы көшеде тайып құлаған екен.