Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі арнайы брифингте айтты. Бас ақпараттық демеуші «Хабар» Агенттігі концертті елорда күнінде спутник арқылы ақпарат тарататын Kazakh TV мен «Хабар» арнасынан көрсетпек. Сондай-ақ Агенттік Ержанның шығармашылығы жайлы деректі фильм түсірмек. Сонымен қатар жас әнші Димаш Құдайберген мен Данэлия Тулешованың ізімен 2020 жылы АҚШ-та өтетін The World's Best таланттар шоуына баруы мүмкін.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
- Қазір бұл конкурс немесе гала-концерт ретінде өтетіндігі анықталып жатыр. Бүгінде ұйымдастырушылар өздері осыны пысықтауда. Бірақ Ержан нақты қатысады. Неге қатыспасқа? Ол үлкен телеарнада өз өнерін тағы бір мәрте паш етеді.