Ал осы уақытқа дейін сайлаушылардың қанша пайызы дауыс беріп үлгерді?
Риат Шони, тілші:
- Орталық сайлау комиссиясында жаңа ғана тың ақпараттар алған болатынбыз. Осы уақытқа дейін сайлаушылардың 12,8% өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беріп үлгеріпті. Ал жалпы сайлау құқығына ие қазақстандықтардың саны – 11 947 995. Бұл жайында Орталық сайлау комиссиясында өткен брифинг барысында Ақылбек Ихданов мәлімдеді. Жалпы сайлаушылардың келуі бойынша қай өңір көш басында тұр екен?
Ақылбек Ихданов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Ақмола облысы бойынша 20,5%, Ақтөбе облысы бойынша 16%. Алматы облысы бойынша 17,7% болса, Атырау облысы бойынша 8,5%.
Айта кетейік, қазақстандықтар кешкі сағат 20:00-ге дейін өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалану мүмкіндігіне ие. Ендеше қазақстандықтардың 8,5 сағат уақыты бар.