Үкіметтік емес ұйым өкілдері Президент жолдауындағы өзекті мәселелерді талқылады

  • 1417
  • 16.01.2020, 18:57

Сондай-ақ қоғамда азаматтық ұйымдарға сенім, мемлекет пен азаматтық ұйымдардың сабақтастығы жайы да қозғалды. «Әрі бұл игі шаралардың барлығы естуші мемлекет негізінде жасалуы тиіс», – дейді олар.

Эмин Әскеров, әлеуметтік кәсіпкер:

- Билік өкілдерімен кездесіп, азаматтық ұйымдардың маңызды мәселелерін көтердік. Мысалы, «жасыл» технологиялар, суицид, әлеуметтік кәсіпкерлік, экология проблемаларын айттық. Алдағы уақытта бұл түйткілдердің түйіні оңынан шешіледі деп үміттенемін.