Жағдайы оңалған оны дәрігерлер консилиумнан соң үйіне шығарған. Кеше кешкісін денсаулығы нашарлаған соң жақындары жедел жәрдем шақыртқанымен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір сот-медициналық сараптамалық тексеріс жүріп жатыр. Алдын ала мәліметке сай, науқас қан тамырының бітелуінен көз жұмған.
Тілеухан Әбілдаев, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы:
- Тромбоэмболия табан астында болуы мүмкін. Жалпы адамның әртүрлі ауруларына байланысты тамырларында тромб көрінбей тұратын болса немесе қозғалып кететін болса, жүрек немесе өкпе тамырлары тоқтап қалуы мүмкін.