Ардагер денсаулығы басты назарда
Дәрігерлер қариялардың мекенжайына барып, олардың жағдайымен жақынырақ танысады. Жүрек қағысын тексеріп, қажет болған жағдайда сынамалар да алады.
Сұрапыл соғыстан аман оралған қарт жауынгердің бірі – Құрманғали Ғабдушев жақында 90-ға толды. Ол соғысқа 1943 жылы аттанып, Украина мен Беларус майданында шайқасқан. Жауға тойтарыс бере жүріп, 2 рет жараланыпты. Қазір ақсақал І-топтағы мүгедек. Сондықтан ақ халатты жандардың көмегіне мұқтаж.
Зоя Ғабдушева, дәрігер
-Минуя портал, ауруханаларға жібере аламыз. Облыстық аурухана кардио орталық, медициналық орталық болсын. Жоспар бойынша госпитальдарға да жібереміз. Чернобыль, Семей қатысқандарды, ауған соғысының әскерлерін. Оларды госпитальдарға жіберіп жатырмыз. Алматыға, Астанаға 2 кісі жібердік.