«Республикалық бюджеттен берілетін 100 мың теңге көлеміндегі 1 реттік әлеуметтік көмектен бөлек, әр қала, аудан аумағында тұрып жатқан ардагерлерге жергілікті бюджет есебінен 60-150 мың теңгеге дейін қаржылай қолдау көрсетіледі», - деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Бүгінгі күні өңірде 614 ҰОС ардагері, 27 918 тыл ардагері бар. Олардың 1300-і «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ 2010-2014 жылдар аралығында 272 ҰОС ардагері баспанамен қамтылған. Ағымдағы жылы кезекте тұрған ардагерлерге наурыз айына дейін пәтер кілті табысталмақ. Қазақстандық 531 Кеңес одағы батырының 109-ы Шығыс Қазақстаннан шыққан.
Сонымен қатар 9 мамырда ШҚО атынан Астана қаласында өтетін салтанатты жиынға 15, ал Ресей астанасы Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін салтанатты шеруге 2 ардагер қатыспақ.