Биыл сәуірде табиғат тосын мінез танытып, жаңбыр мөлшерден көп жауады.
Қазгидромет мамандары, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстікте, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Абай, Қызылорда облыстары және Түркістанның солтүстік-шығысы мен Шығыс Қазақстанның солтүстік-батысында температура нормадан 1-2 градус жоғары болып, ақжауын көп болады деп күтілуде. Дегенмен сәуірде ауа райы тұрақсыз болып, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жеткі мүмкін.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының келуімен температуралық фон жоғарылайды. Шамамен солтүстік, орталық және шығыста түнде +2-ден -10 градусқа дейін, күндіз + 15-тен 25 градусқа дейін ауа райы ыстық болады деп күтілуде.
Ал мамыр айында өңірлерде ауа райы қалыпты болады. Шілде және тамыз айларында температура нормаға жуық болғанымен, жауын-шашын мөлшері сақталады.
Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы ыстық болады.