ШҚО-да ҰОС ардагерлеріне 500 мың теңгеден табысталады

Даниал Ахметовтың айтуынша, бұл төлем – ардагерлерге көрсетілетін көмектің бір бөлігі. Бүгінгі күні күні өңірде 594 ҰОС ардагері бар.
Кеңесте белгілі болғанындай, 19 сәуір мен 1 мамыр аралығында ардагерлердің барлығына аталған ақшалай төлем толық табысталатын болады. Облыс көлемінде Жеңіс күнін лайықты атап өту бойынша кең ауқымда жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылдың 1 наурызы бойынша «Жеңіске дейін 70 күн» тематикалық акциясы аясында аймақта 24 мың адамның қатысуымен 700-ге жуық іс-шара өткізілген. Ал мамыр айында 600 іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар мерейтой қарсаңында аймақтың барлық қалалары мен аудандарындағы 338 ескерткіш, мемориалдық тақтаның 102-ісіне жөндеу жүргізілген.