Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жаяу бұрқасын болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады.