Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Түнде кей жерлерде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерінде түнде тұман, жел 15-20, күндіз 22-23, екпіні 30 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел түнде 15-20, күндіз 22-23, екпіні 30 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, Қызылорда облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Дереккөз: emer.gov.kz