Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Дереккөз: emer.gov.kz