Республиканың оңтүстік бөлігінде және батыста тұрақсыз ауа райы сақталады

Көптеген облыстарда тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің 18-23 м/с күшеюі күтіледі.
Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 17-22 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.
Күндіз Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.