Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау облысында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.