Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.