Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында, Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.