Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында жел 18-23, екпіні 28 м/с, түнде кей жерлерінде тұман бақыланады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.