Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман болады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман болады
  • 1924
  • 25.03.2017, 06:07

Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, батыста жаяу бұрқасын, оңтүстіктің кей жерлерде шаңды дауыл, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде  тұман бақыланады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде найзағай бақыланады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, кей жерлерінде көктайғақ бақыланады.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Түнде және таңертең Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады. 

Астана қ: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның  температурасы түнде -11-13°С, күндіз  +1+3°С.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз +8+10°С.