Республикамызда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.