Республиканың кей жерлерінде тұман күтіліп, екпінді жел соғады, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерінде найзағай болады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, найзағай түсіп, бұршақ жауады. Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с болады. Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Павлодар, Қарағанды, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады. Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.