Еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады

Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, екпінді жел соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман болады.
Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде топырақ беткейінде үсік сақталады.