Жетісулық майдангерлер зор құрметке бөленді

Елге соның жартысынан астамы ғана оралды. 52 жауынгер Кеңес Одағының батыры атанды. Соның 11-і аты аңызға айналған 28-ші гвардияшы-панфиловшы қатарынан. Қазір өңірде көзі тірі 190 соғыс ардагері бар. Бүгін майдангерлер зор құрметке бөленді.
Сәрсенбай Қаңтарбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері:
- Бүгінгі Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын! Жастарымыз аман болсын! Қазақтың қайсар ұлы болып, Отан үшін, ел үшін Жеңіс күнін тойлай беріңдер. Соғыс болмасын. Біздің көргенімізді көрмеңдер!