Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Түнде Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Күндіз Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.