Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл, болуы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қызылорда облысының кей жерелрінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтілуде.