Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі. Қызылорда, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетед, түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде күндіз, Жалаңашкөл ауданында түнде жел 15-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай болып, тұман күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыс облысында 30 м/с аса күтіледі.