«Хабар» Агенттігінің мерейтойына орай жан-жақтан құттықтаулар келіп түсуде
Ал Мәжіліс депутаты, ардагер журналист, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш баспа және Бұқаралық ақпарат министрі Қуаныш Сұлтанов пен қазіргі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева арнамызға арнайы келіп, ұжымды құттықтады.
Салтанатты шара барысында меймандар Агенттік қызметкерлеріне «Ақпарат саласының үздігі» және «Халық алғысы» төсбелгілерін табыстап, Алғыс хаттармен марапаттады.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
– Қоғамдағы өзекті мәселелерді айқындап, әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени тақырыптарды өз деңгейінде көтеріп, халыққа жеткізіп келеді. Сондықтан бүгінгі мерейтойларыңыз бүкіл қазақ халқы үшін ортақ мереке.
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Осы екпіннен тоқтамай, «О, шіркін, жүзге келдік!» деп тойлап жүріңіздер! Барлық сіздердің жетістіктеріңізге қуаныштымыз, қуанамыз.