Мектеп оқушысы «Aitystar» тележобасында жеңімпаз атанды
Төл өнеріміздің өткізілу үлгісіне биыл өзіндік ерекшеліктер енгізілді. Бірінші айналымда республиканың түпкір-түпкірінен 24 жас ақын сайысқа түскен болатын. Келесі кезеңдерде топқа тәжірибелі ақындар араласып, әншілер мен әртістер де бағын сынады. Оза шапқандар өткен демалыс күндері ақтық мәреде өнер көрсетті. Жоба елімізде келісті ұйқас, әдемі мақам, орамды ой айта алатын жастардың көп екенін көрсетті. Олардың ішінде Ернұр Исақаев есімді оқушы да бар. Ол өзінің сахнадағы жұбы Ердос Қанаевпен бірге 1-орынды иеленді. Айта кетейік, жыр бәйгесі «Хабар» арнасының әлеуметтік жобасы ретінде жас айтыскер ақындарды табу және қолдау мақсатында арнайы ұйымдастырлды.
Балғынбек Имашев, қазылар алқасының төрағасы:
- Өрімдей жас қыздар мен жігіттерді жинап, қазақ руханиятының аспанында, айтыстың аспанында бірнеше жұлдызды жақты. Осындай мықты жобаны қолға алып, эфирден уақыт беріп, қазақтың төл өнеріне, оның ішінде жастарға уақыт берген «Хабар» телеарнасына Алаш жұртының атынан рахмет айтамыз.