Хабар телеарнасы

18 наурыз күні Алматыда «Маска» шоуының эксклюзивті таныстырылымы өтеді

Шара аясында «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина және вокалдық байқаудың қазылар алқасының мүшелері – Ерке Есмахан, Мейіржан Төребаев, Жанар Айжанова, Марат Оралғазинмен баспасөз отырысы ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, әлемнің 50-ден астам елінде танымал болған «Маска» музыкалық шоуының тұсаукесері 21 наурыз күні сағат 19:15-те «Хабар» телеарнасында өтеді.

Жоба продюсері – Гүлнұр Мамасарипова.

Вокалдық додада шоу-бизнестің 12 жұлдызы бақ сынайды. Олар: әншілер, актерлер, шоумендер, вайнерлер, жүргізушілер мен спортшылар. Ең қызығы, қатысушылардың жеке тұлғасы құпия сақталады. Әр өнерпаз оларға арнайы тігілген ерекше костюмдер мен маскаларда өнер көрсетеді. Олардың шын есімі сайыстан шығып қалған кезінде ғана белгілі болады. Әр шығарылымда қазылар алқасы жобадан шығатын қатысушыны таңдауы керек. Жобадан  кетер кезде олар маскаларын шешіп, өздерінің кім екенін көрсетеді.

Қызыққа толы интрига финалда үш қатысушы қалғанша, үш ай бойы жалғасады. Нәтижесінде тек бір ғана қатысушы жеңімпаз атанады.