«Хабар» Агенттігі Наурыз мерекесіне орай отандық телевизия тарихында тұңғыш рет 10 күндік телемарафон ұсынады
Екі тілде өтетін марафонға «Таңғы Хабар», «Бүгін», «Большая неделя», «Қорытынды жаңалықтар», «Түнгі Хабар» секілді бағдарламалар да атсалысады. Наурыз – мейірімділік пен көмек көрсетудің мерекесі болғандықтан, тікелей эфир барысында мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалмақ.
Марафон «Зияткер ұлт», «Бірлік пен береке», «Тарихқа тағзым» сияқты 10 тақырыпқа арналады. Ондағы басты мақсаты – той-думанның ажарын келтіретін қызық және жан-жақты дүние ұсынып, Наурызды жалпыұлттық мейрамға айналдыру. Эфир барысында бүкіл елдің түкпір-түкпірінен тікелей қосылулар ұйымдастырылады. Тіпті шет елдердегі тілшілер арқылы Наурыздың әлем елдерінің қалай тойлайтындығының да куәгері боласыздар. Қазір «Хабар» Агенттігінің журналистері қызу дайындық үстінде.
Олай болса, Наурыздың 14 мен 23 аралығында арнамыз қосулы болсын, Ұлық мерекені бірге тойлайық!