Қасиетті Рамазан айына қатысты қызықты бір дерек. Түркияда бұл айда дәстүрге айналған ерекше рәсімдер бар.
Оразада мұсылман қауымы бір-біріне жақсылық жасауға асығады. Дастархандағы дәмді бөлісу, рухани тазалықты сақтау тәртібі қалыптасқан.
Түркия көшелерінде дауылпаз үнін естісеңіз, таң қалмаңыз. Бұл - қалың ұйқыдағы ел-жұртты сәресіге ояту рәсімі. Сондай-ақ Рамазан айында 500 жылдық тарихы бар нан Рамазан пидесі пісіріледі. Тек қасиетті айда әзірленетін тағам қатарында тәтті гүллач та бар.
Сельда Йылдырым, Анкара қаласының тұрғыны:
- 11 айдың сұлтаны Ораза айын асыға күтеміз. Әсіресе осы кезеңдегі атмосфера ұнайды. Бұл айда адамдар бір-біріне жақсылық жасап, рухани тазалыққа ұмтылады. Биылғы Рамазан Наурызбен тұспа-тұс келіп тұрғаны ерекше қуантады.