Түркияда наразылық басталғалы 1418 күдікті тұтқындалған

  • 181
  • 26.03.2025, 18:56

Түркияда шерулер бүгін де жалғасты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наразылық басталғалы 1 мың 418 күдікті тұтқындалған. Шеру кезінде 123 тәртіп сақшысы жарақат алды. Жергілікті билік 1-сәуірге дейін көшеде жиын мен наразылық акциясын өткізуге тыйым салды. Бүгін қала мәжілісіндегі 314 делегат Ыстамбұл басшысын таңдап, сайлау нәтижесін жария етуге тиіс. Оппозициялық партия жетекшісі Өзгүр Өзел наразылық акциясының кезектен тыс президент сайлауына дейін жалғасатынын мәлімдеді. Президент Режеп Тайып Ердоған халық арасында араздық тудырғандардың заң алдында қатаң жауап беретінін тағы бір ескертті. Ал сарапшылардың сөзінше, бұл жағдай валюта нарығына кері әсерін тигізіп отыр.