Жапониядағы коронавирус тіркелген лайнерде 4 қазақстандық бар
Мұны Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі растап отыр. Бірақ олардың жағдайы жақсы, вирустан дін аман. Лайнердегі карантин 19 ақпанға дейін созылмақшы. Сондай-ақ Бейжіңнен Алматыға 211 жолаушысы бар тағы бір ұшақ келіп қонды. Жолаушылардың бәрі әуежайдан бірден ауруханаға жеткізілді. Зертханалық тексерулер ешқайсысында коронавирустың жоқ екенін көрсетіп отыр. Десе де, талапқа сай олар 3 күндей стационарда болады. Министрлік өкілі Қытайдан бұған дейін эвакуацияланған азаматтардың жағдайына да тоқталды.
Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:
- 11 ақпанда Қытайдың 36 қаласынан эвакуацияланған 217 азаматымыз үш күндік тексеруден кейін дәл қазір ауруханадан шығарылуда. Барлығының денсаулығы жақсы. Анализдерінде ауытқу жоқ. Уханьнан эвакуацияланған студенттеріміз алдағы жексенбіде карантиннен шығарылады. 17 ақпанда біз БАҚ өкілдерін сол студенттермен кездесуге шақырамыз. Олар барлық жағдайды егжей-тегжей баяндап береді.