ДДСҰ Еуропа елдерін коронавирус инфекциясымен күресте қырағылық танытуға шақырады
Коронавирустың Германия, Италия, Испания, Франция және Швейцарияда анықталу жағдайларының төмендеуіне қарамастан, ауру Беларусьте, Ұлыбритания, Ресей, Түркия және Украинада тез таралып жатыр.
ДДСҰ өңірлік бюросының басшысы: «Оңай жеңіс болмайды», – деп ескертті. Ханс Клюгге мүлтіксіз сақтау керек шарттарды атады:
- Денсаулық сақтау жүйесі қауіп тобындағы адамдарды анықтау, оқшаулап, тест алуы керек;
- Қарттар үйлерінде, психикалық ауруларға арналған мекемелерде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда вирустың таралу қаупін барынша азайту қажет;
- Жұмыс орындарында вирустың алдын алу үшін жағдай жасау, айналадағы адамдардан өзін алыс ұстау, қол жуу және басқа да гигиена шараларын сақтау қажет;
- Барлық елге, әсіресе шектеулерді алып тастап, коронавируспен күрестің жаңа кезеңіне өтіп жатқан мемлекеттердің тәжірибесіне қарау ұсынылады.