13:50Эфирде:«Путь Лидера. Разрывая замкнутый круг» кино
15:30 Әрі қарай: Документальный фильм «Нурсултан Назарбаев. Политик с душой поэта»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ДДСҰ басшысы елдердің көпшілігі әлі де індеттің алғашқы сатысында тұрғанын мәлімдеді

  • Категория: Әлемде
Koronavirus alemde
Koronavirus alemde Фото: aljazeera.com

Тедрос Аданом Гебреисус өзінің микроблогында Батыс Еуропа елдерінде індеттің таралуы бәсеңдеп немесе тұрақтанғанын жазды.

Алайда Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Шығыс Еуропада қауіпті өсу қарқыны байқалады.

Ол карантин мен әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары вирустың таралуын тежеуге көмектесті деп есептейді.

«Дегенмен ол аса қауіпті вирус болып қала бермек. Қолда бар деректер дүниежүзі халқының басым бөлігі сезімтал болып қалатынын көрсетіп отыр. Бұл вирус қайта таралуы мүмкін дегенді білдіреді», – деді Тедрос Гебреисус.

22 сәуірдегі деректер бойынша әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 2,6 млн-нан асты, олардың 180,78 мыңы көз жұмып, 701,4 мыңы вирусты жеңіп, сауығып шыққан.

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары

Загрузка...