Хабар телеарнасы

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 2,7 млн-ға жетті

COVID19

Індетті 890 мың америкалық тұрғын жұқтырып алған. Бұл мемлекет COVID-19-дан көз жұмғандар саны бойынша бірінші орында тұр. Соған қарамастан, бірқатар штат карантин тәртібін жеңілдетуге көшкен. Мәселен, Джорджияда сұлулық салоны, боулинг орталықтары ашлылып жатыр. Ал дүйсенбіден бастап тұрғындар театр мен мейрамханаларға бара алады. Шектеулер Аляска мен Оклахомда да алынбақ.

Бұл арада Италияда соңғы бір айдағы ең төменгі өлім көрсеткіші тіркелді. Италияндық БАҚ-тың хабарлауынша, алдағы төрт аптада елдегі карантин тәртібін жеңілдету жоспарланып отыр. Коронавирустан көз жұмғандар санының төмендеуі Испания мен Францияда да тіркелген.

Айта кетейік, жаһан бойынша қауіпті кеселді жұқтырғандар саны 2 млн 700 мыңға жетті. Өкінішке қарай 195 мың адам көз жұмды.