Хабар телеарнасы

Трамп Alibaba компаниясының жұмысына тыйым салуы мүмкін

Alibaba

Бұл туралы президент Дональд Трамп БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді.

Журналистердің бірі «ТikТоk» әлеуметтік желісін иеленуші «Байт Данс» бірлестігіне қарсы шарадан кейін: «Қытайдың өзге компанияларына осындай шаралар қолданылуы мүмкін бе?», – деп сұраған еді. Ақ үй басшысы мұны жоққа шығармайтынын және қазір билік түрлі шешімдер қарастырып жатқанын жеткізді. Айта кетейік, Трамп әкімшілігі осы айдың бас кезінде Қытайдың ірі технологиялық бірлестіктеріне қарсы бірқатар шектеу шарасын ұсынған болатын. Ал Alibaba бірлестігі – әлемдегі ең ірі электрондық коммерция мен цифрлық төлем компаниясының бірі.