Еуропа елдерінде вирус қайта күш алды
Қазір қос елде де вакциналау науқаны жүріп жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, Германия азаматтарының 3% екпенің екі дозасын салдырған. Коронавирустың үшінші толқынынан қауіптенген Венгрия да сақтық шараларын күшейтті. Соңғы күндері бұл елде науқастар қатары қайта көбейген.
Рио-де-Жанейрода да коменданттық сағат енгізіліп, қаладағы мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарды. Биліктің мұндай қадамға баруына эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп. Бразилияда соңғы бір тәулікте 75 мың адамнан инфекция анықталды. Елдің тағы бір ірі қаласы – Сан-Паулуда да коронавирус жұқтырғандар саны артып барады. Ауруханаларда орын тапшы, жансақтау бөлімдері 75% толған.
Токио мен оған көршілес қалалардағы төтенше жағдай режимінің мерзімі екі аптаға ұзартылды. Осылайша, ел астанасы мен Тиба, Канагава және Сайтама префектураларындағы қатаң шектеу шаралары күшінде қалатын болды. Қазір бұл аймақтарда түнгі уақытта коменданттық сағат жарияланған. Қоғамдық тамақтану орындары да сағат 20:00-де жабылады.