+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Отандастарымыз Ресей әуежайларында елге орала алмауда

  • Категория: Әлемде
Отандастарымыз Ресей әуежайларында елге орала алмауда

170-ке жуық отандасымыз Ресей әуежайларында елге орала алмай отыр.

Бұл туралы сол елдегі елшіміз Ермек Көшербаев мәлім етті. Оның айтуынша, қазір қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Мәскеудегі меншікті тілшіміз Дана Нұржанның хабарлауынша, жергілікті әуежайларда көп адам жүрген жоқ. Өйткені әуекомпаниялар рейстердің кешігетінін алдын ала ескертіп жатыр.

Сондай-ақ билет құнын қайтарып береді немесе кейінірек ұшуға да болады. Ал елге орала алмай жатқан отандастарымыз үшін көмек тобы құрылып, жатын орын берілген.

 

Айшолпан Аманбек, Қазақстан азаматы:

-Алдымен Самара не Омбыға жетіп алып, сосын автобуспен шекара асамыз ба деп ойладық. Алайда Мәскеуде тұратын қазақтар мен қырғыздар көмектесті. Олар бізді іздеп тауып, ватсаптағы топқа қосты. Сосын қажетті соманы жинап, баспана және тамақпен қамтамасыз етті. Оларға айтар алғысымыз шексіз.

Гүлзада, Мәскеу тұрғыны:

-Бір қыз әуежайда отырғанын және елге кете алмай жатқаны туралы жазыпты. Біз бірден ақша жинап, оған билет сатып алып бердік. Енді бірнеше сағаттан кейін ол үйінде болуы тиіс.