Референдум 2022: шетелде жүрген азаматтарымыз да дауыс беруді бастап кетті
Ондағы дауыс беру учаскелері Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат таңғы 3:00-де ашылды. Студенттер мен Сеулде жұмыс істейтін жерлестеріміз өз таңдауын жасауға басқалардан бұрын келді.
Владислав Цой, тілші:
- Референдумға арналған дауыс беру учаскесі 4 сағат бұрын ашылды. Комиссия мүшелері – 5 адам. Қазақстан елшілігінің қызметкерлері әнұранмен жұмысын бастады. Дауыс беруге дайындық оның басталуына бір ай қалғанда басталды. Таңдауды қай жерде жасауға болатыны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Қазақстандықтардың белсенділігі түстен кейін артуы мүмкін, өйткені жексенбі күні Кореяда адамдар жұмыс аптасынан кейін түске дейін демалуға тырысады. Ертең де осы елде демалыс күні. Өйткені азаматтар Отан үшін шайқаста қаза тапқан жауынгерлерді еске алады.
Аслан Асқар, учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:
- Қазіргі таңда жалпы ереже бойынша 258 учаскеміз Сеулде орналасқан сағат 7:00- ден 8:00-ге дейін жұмысын атқарады. Байқаушылар бізге өтінішін тастаған жоқ, бізде тіркелген жоқ. Шын айтса, Кореяға көбісі әртүрлі себептермен келген. Ол – студенттер, жұмыскерлер және туристер. Өйткені 1 сәуірден бастап Корея тарапы өзін туристік визасын ашылған 30 күн бойы Қазақстан азаматтары КETA жүйесі арқылы Кореяға визасыз кіре алады.
Таңғы сағат 7:00-де алғашқы болып учаскеге ерлі-зайыптылар Кәкім мен Аруна келді .Олардың Кореяда жүргеніне 10 жыл болды. Екеуі Сеулде оқып жүргенде танысқан. Олар Қазақстан елшілігіне жиі келеді, Президент пен Парламент депутаттары сайлауында азаматтық борыштарын өтеуге келген. Ал осы ғимаратта олар тіпті 3 жыл бұрын некелерін тіркеген. Аруна –аудармашы, ал Кәкім бизнеспен айналысады.
Аруна Жәнібек, Сеул қаласының тұрғыны:
- Өте қобалжып тұрмын, Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарға арқашан құлағымызды түйіп отырамыз. Елден алыс жүрсек те Қазақстанда болып жатқан əр жаңалық үшін біз деген жаным ашып отыр. Сол үшін де осы елшілікке референдум болады деген күннен бері дайындалып, дауыс берейік деп жолдасым екеуіміз келіп отырған жайымыз бар. 10 жыл бұрын Кореяда жүрген кезде ешкім Қазақстан туралы онша біле бермейтін. Ал қазір Қазақстан десе, бірден Қазақстан үлкен мемлекет, сендер бай екенсіндер деп айтады. Сондықтан әрқашанда еңсеміз биік риза болып жүреміз.
Владислав Цой, тілші:
- Бірінші болып таңдау жасағандарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ сыйлықтар референдумның ең жас және ең үлкен қатысушысына беріледі. Сондай-ақ ауруханада жатқандарға да өз таңдауын жасауға мүмкіндік беріліп, бюллетеньдер Қазақстанның ұлттық әуе компаниясының экипаж мүшелеріне де жеткізіледі.