Қ. Тоқаев ІІ Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Сондай-ақ Президент Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Король ІІІ Карлдың, корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.