Қазақ киносы Африкада көрсетіледі
Отандық фильм алғаш рет Орталық Африка көрерменіне жол тартты. Камерун астанасы Яунде қаласында режиссер Гүлнар Сәрсенованың «Нартай» трагикомедиясы көрсетілді. Yahra (Яра) фильмі халықаралық фестивалінің конкурстық бағдарламасына еніп, 4 түрлі аталым бойынша жүлделі болды. Арнайы көрсетілімдер бағдарламасында отандық 4 картина таныстырылған. Олардың арасында қазақ кино өнерінің жауһарына айналған «Менің атым Қожа» фильмі бар. Африкалық көрермен кино туындыларды тамашалап, жоғары баға берді.