Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Үкіметттің халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысында жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға осынша көлемде жәрдем беру жайлы шешім қабылданды. Енді мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешек, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт бірдей әуе рейсімен жеткізілмек. Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.