100-ден астам киіз үй Алматыдан Түркияға жіберіледі
Оларды құруға 12 адам аттанады. Кәсіпкерлер казақ үйдің ішін жылыту аппараттарын да қосыпты. Бауырлас халыққа жылу жинау шығыс аймақтарында да ұйымдастырылып жатыр. Маңғыстаулық мұғалімдер бір күндік еңбекақыларын аударған. Ал Ақтөбеде киім-кишек пен көрпе-төсек секілді қажетті заттарды қабылдайтын кеңселер жұмыс істей бастады. Жамбылдықтар болса 12 жүк көлігімен көмек жөнелтетін болды. Астаналық еріктілер де 2 күнде есепшотқа 35 миллион теңгеден астам қаражат жиналғанын айтады.
Жеңісгүл Рақымжанова, Астана қаласының тұрғыны:
-Немерелерімнің таза-таза киімін, жаңа киімдер әкелдім. Қыстық аяқ киім, күздік аяқ киім, бәрін... Мақсат — көмектесу. Адам басына бермесін. Бұл қиын жағдай. Қайғырып отырмыз. көрген сайын жүрегіміз ауырып отыр.