15 ақпан – Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні
Жыл өткен сайын обыр дертіне шалдыққан балалар саны көбейіп барады. Елордамызда 2 мыңға жуық балғын қатерлі ісікпен ауырады. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығындағы кішкентай емделушілер концерт қойды. Ауыр дертті жеңіп, сауығып шыққан екі батырға медаль табысталды. Мамандардың айтуынша, Астанада 13 жыл ішінде онкологиямен ауырған 18 мың бала ем-дом қабылдаған. Отандық медицина ауыр дертке шалдыққандарды емдеу ісінде осал емес. Емге донор табылмаған жағдайда, жылына 15 балаға квота бөлініп, Түркия, Беларус, Ресей елдеріне жіберу мүмкіндігі де қарастырылған.
Гүлшат Көшерова, гематолог дәрігері:
-Лейкозбен ауыратын балалар, жылына 240-280 дейін жетеді. Лимфоблаз түрі болса, 80% айығып кетеді. Ал меланблаз болса, 60% дейін жетеді. Германиялық протокалдық еммен жасалады. Химиотерапиямен ем қабылданды.